Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

«Ақтөбе» Конференция лигасының алғашқы ойынында есе жіберді

11.07.2024, 22:14

Ақтөбелік клуб Босния және Герцеговинадан келген қонақтар қақпасынан саңылау таба алмады

«Ақтөбе» Конференция лигасының алғашқы ойынында есе жіберді
instagram.com/fcaktobe_official

Футболдан Еуропа Конференция лигасы ойындары аясында «Ақтөбе» клубы өз алаңында «Сараеводан» жеңіліс тапты.

Ойын бойы басымдыққа ие болғанына қарамастан ақтөбелік клуб Босния және Герцеговинадан келген қонақтар қақпасынан саңылау таба алмады.

Алғашқы таймда «Сараево» клубының екі футболшысы дөрекі ойын көрсеткені үшін төрешіден сары қағаз алды. Қос тарап та үздіксіз шабуылдағанымен, алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Бұл жағдай екінші таймда да қайталанды. Төреші ақтөбелік Д.Бессмертный мен А.Таңжарықовқа ескерту жасаса, «Сараевоның» үш ойыншысы өрескел ойыны үшін сары қағаз еншіледі.

Дегенмен, ойынның 90-минутында ганалық шабуылшы Франсис Кьереме жартылай қорғаушы Эльдар Мехмедович берген пасты қақпаға тура бағыттай білді. Осылайша 1:0 есебімен «Ақтөбе» өз алаңында жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды.

Лига аясындағы қарымта матч 19 шілде күні «Сараево» алаңында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам