Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Әділет Бәрменқұлов Станислав Черчесовке қандай талап қойғанын мәлімдеді

20.07.2024, 09:53

Ұлттық құрама әлем чемпионатының жолдамасы үшін келер жылы ойындар өткізеді

Әділет Бәрменқұлов Станислав Черчесовке қандай талап қойғанын мәлімдеді
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов sportsdaily.ru тілшісіне сұхбат беріп, Қазақстан құрамасының алдына қойған мәндеттерді айтып берді.

Еске салайық, биыл жазда ұлттық құраманың тізгінін ресейлік маман Станислав Черчесов ұстады. Ол өз отандасы Магомед Адиевті алмастырған болатын.

Қазақстан командасы болса биыл күзде Ұлттар Лигасының «B» тобында Аустрия, Словения және Норвегиямен бірге өнер көрсетеді. 

«Ұлттар Лигасы – біз үшін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне үлкен дайындық. Алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз – «А» тобына өту. Тіпті, өте алмай қалған күннің өзінде «B» тобында қалып, жарысты осында жалғастыруымыз керек. Қазір ұлттық құрама алда әлем чемпионатының жолдамасына күпесу үшін өтпелі кезеңді өтуі керек. Қазақстан ешқашан мұндай деңгейде ойнап көрмеген, соны біліңіздер. Біз ешқашан футбол державасы болған емеспіз, біздің елде ұлттық құрама ойындарына деген қызығушылық енді ғана туа бастады. Ал, ойыншыларымызды әлем тани бастады. Мәселен, Зайнутдинов, Айымбетов, Әліптер қазір шетелде доп теуіп жүр. Иә, бұл өте аз, жағдайды тағы жақсартуымыз керек», - деді Бәрменқұлов.

Еске салайық, соңғы өткен Еуропа чемпионатының іріктеу сынында Қазақстан өз тобынан шыға алмай, қосымша жолдама үшін Грекия құрамасымен ойнаған болатын. Алайда, бұл сында Адиев шәкірттері 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам