Эльмира Сыздықова Азия ойындарының финалына шықты

50 келіде белдесетін Зейнеп Баянова Азиаданың қола медалі үшін боз кілемге шығады

olympic.kz
olympic.kz

Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы Эльимира Сыздықова (76 кг) Азия ойындарының финалына шықты. Жартылай финалда ол қытайлық балуан Ли Вэньцзиді жеңіп кетті.

Белдесу өте тартысты өтіп, қазақ қызы қарсыласынан 9:8 есебімен, яғни минималды көрсеткішпен басым түсті. Енді сында Эльмира жапон балуаны Юка Кагамимен күреседі.

Сонымен қатар, 50 келіде белдесетін Зейнеп Баянова Азиаданың қола медалі үшін боз кілемге шығады. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілін 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Алайда, финалдық жолдаманы сарапқа саларда жапон балуаны Юи Сусакиден 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін жарыс жолына еркін күрес балуандары да шығады. Қазақстан намысын бұл бәсекелерде Начын Куулар, Азамат Дәулетбеков және Едіге Қасым қорғайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам