Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

«Қазақтардың шаруасымен басым қатып жүр». Станислав Черчесов қолы тимей жүргенін айтты

22.07.2024, 11:06

Черчесов «Локомотив» пен «Акрон» матчын тамашалаған

«Қазақтардың шаруасымен басым қатып жүр». Станислав Черчесов қолы тимей жүргенін айтты
sport24.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов сенбі күні Ресей премьер-лигасының бірінші туры аясында «Локомотив» пен «Акрон» матчын тамашалады. Бірақ ресейлік тілшілер одан «Спартак» пен «Оренбург» ойынына қатысты пікір сұраған екен.

«Мен «Спартак» пен «Оренбургтың» кездесуін көрмедім. Олардың қалай ойнайтыны мені қызықтырмайды. Келесі матчты тамашалаймын. Бүгін «қазақтардың шаруасымен» қолым босамады», - дейді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, негізі Қазақстанда да сенбі-жексенбі күндері Лига кубогының ойындары болған. Бірақ ұлттық құрама бапкері Ресейдегі матчтарды тамашалады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам