“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Астана» Конференция лигасында «Милсамиді» ұтып, келесі айналымға шықты

01.08.2024, 21:40

Келесі айналымдағы қарсылас енді анықталады

«Астана» Конференция лигасында «Милсамиді» ұтып, келесі айналымға шықты
Астана ФК

Елордалық «Астана» футбол клубы Конференция лигасы аясында Молдованың «Милсамиін» ұтып, үшінші айналымға өтті. 

Өз алаңында молдовалықтарды қабылдаған жерлестеріміз бірінші айналымда тең нәтижені тіркеді. Қос команда да үздіксіз шабуылдағанымен есеп екінші таймда ашылды. Ойынның 49-минутында шабуылшы Марин Томасов тепкен доп қақпадан табылды. 

Ал 55-минутта өрескел ойыны үшін «Милсамидің» жартылай қорғаушысы Име Ндон екінші рет сары қағаз алып, ойыннан қуылды.

Бұған дейін өткен матча «Астана» 1:1 есебін тең түскен еді. Екі ойынның қорытындысы бойынша 2:1 нәтижесімен елордалық клуб Конференция лигасының келесі кезеңіне өтіп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам