Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

16.08.2024, 09:27

Дәулет Иманқұлов 5,5 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған

«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды
kazfootball.kz

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Дәулет Иманқұловқа қатысты үкім шығарды.

Антикор мәліметінше, ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 миллион теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам