Әйгілі Марадонаның жейдесі 9 миллион долларға сатылған
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Лионель Мессидің киген фуболкасы аукционға шығарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол шамамен 10 миллион долларға сатылады.
The Guardian басылымының жазуынша, 14 желтоқсанда Sotheby’s аукционына Мессидің алты футболкасы шығарылады. Олардың бәрін даңқты футболшы 2022 жылғы әлем чемпионатында киген.
Ең қызу сауда аргентиналық футболшының финалда Францияға қарсы болған ойында киген жейдесі үшін болады деп күтілуде. Аукцион ұйымдастырушылары оны кемінде 10 миллион долларға сатамыз деп отыр. Ал, қалған киімдер 6,5 миллион доллар сатылады деп жоспарлануда. Аукциондағы сауда Нью-Йорк уақытымен 17:01-де аяқталады.
Егер Мессидің осынау футболкасы кемі 10,1 миллион долларға сатылса, бұл Sotheby’s аукционында сатылған ең қымбат киім болады. Бұған дейінгі рекорд даңқты баскетболшы Майкл Джорданның майкасы сатылғанда орнаған еді. 1988 жылы NBA финалында киген киім 10 миллион 91 мың долларға сатылған болатын.
Еске салайық, аталған әлем чемпионатында Аргентина құрамасы финалда Францияны жеңіп, жарыс жеңімпазы атанған болатын. Ал, Лионель Месси ең үздік ойыншы атанды.