Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қазақ азаматы Португалияның футбол клубына құрылтайшы болды

14.12.2023, 17:09
Қазақ азаматы Португалияның футбол клубына құрылтайшы болды
facebook.com/fazylbek

Қазақстандық Фазылбек Әбсаттарұлы Португалияның кәсіби футбол лигасында ойнап жүрген «Брагалона» футбол клубына құрылтайшы болды. Бұл туралы спорт маманы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Отандық футболды дамыту мақсатында Еуропа елдеріне жасөсіпірідерді жарысқа апарып жүрген Ф.Әссаттарұлы Португалияға жиі барады. Ол кезекті сапарының бірінде жергілікті кәсіби клубтардың біріне назар аударғанын мәлімдеді.

«Португалия кәсіби футбол лигасында ойнап жүрген Брагалона футбол клубына құрылтайшы болдым. Бұдан кейін Португалияда футбол клубтарыңыз бар. Бұл да бір Қазақстан үшін үлкен жетістік деп ойлаймын», - деп жазды ол.

Клуб тарапы бұл серіктесті жоғары бағалап, алда жақсы жобаларды жүзеге асыратынын сенімді болып отыр.

«Әйелдер футболын дамыту үшін серіктестік маңызды. Біз бұл үлесті бағалаймыз және әйелдер футболы мен футбол жаттығуларының пайдасына болашақ жобаларды асыға күтеміз», - деп жазылған «Брагалона» клубы таратқан ақпаратта.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам