Оның бұл жетістігіне жақын уақытта ешбір футболист жете алмайтын секілді
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Аргентина құрамасы өз алаңында Перуды қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойындағы жалғыз голды 53-минутта шабуылшы Лаутаро Мартинес соқты. Ал, оған нәтижеі пас берген – Лионель Месси.
Осылайша, Мессидің ұлттық құрамадағы нәтижелі пастар саны 58-ге жетіп отыр. Мұндай көрсеткіш тек АҚШ-тың футболшысы Лэндон Донованда ғана болған.
Ал, Лаутаро Мартинес болса әйгілі Диего Марадонаның жетістігін қайталады. «Интер» шабуылшысы ұлттық құрама сапындағы 32-голын соғып отыр.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы іріктеу турнирінде 25 ұпаймен көш бастап келеді. Перу болса небәрі 7 ұпай жинап, соңғы орынға жайғасқан.