Жаппай төбелеске төрешінің шешімі себеп болған
Гвинеядағы үлкендігі жағынан екінші қала саналатын Нзерекордағы футбол матчы кезінде жанкүйерлер жаппай төбелесті. DNA мәліметінше, қақтығыстан кемінде 10 адам қайтыс болған.
Дәрігерлер 100-ге жуық адамның денесі жергілікті медициналық мекемелер мен мәйітханаға жеткізілгенін алға тартты. Жаппай төбелес төрешінің ойыншыға алдымен қызыл қағаз көрсетіп, сонан соң қарсылас қақпасына пенальти белгелігенінен соң басталған.
«Аурухана адамдардың мәйітіне толып кетті, сыймай жатыр, тіпті кіреберістегі еденде жатыр. Мәйітхана да толып кетті», - деді жергілікті дәрігер.
Ал полиция жанкүйерлерді тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған. Тәртіп сақшыларынан қашпақ болған адамдар есікке қарай жүгіріп, сол жерде бір-бірін таптап кеткен.
Дереккеөз мәліметінше, матч полковник Мамади Думбуяның құрметіне орайластырылған екен.