Жаңа шығарылым! Қонақта Есен Елеукен ағамыз! EURO-2024

«Қашан аяқтайтынымды өзім айтам»: Криштиану Роналду биылғы маусымдағы 54-ші голын соқты

31.12.2023, 10:25

Ол 2023 жылы ең көп гол соққан футболшылар көшін бастады

«Қашан аяқтайтынымды өзім айтам»: Криштиану Роналду биылғы маусымдағы 54-ші голын соқты
Getty Images

38 жастағы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында кезекті голын соғып, өзі ойнайтын «Әл-Насрға» кезекті жеңісін алып келді. Бұл португалдық футболшының биыл соққан 54-ші голы. Осылайша ол әлем бойынша жылдың ең үздік сұрмергені атанып отыр.

Осы ойыннан кейін Роналду өзінің Instagram-парақшасына жазба қалдырып, қуанышымен бөлісті.

«54 – қашан аяқтайтынымды өзім айтам», - деп жазды ол.

Айта кетейік, «Әл-Наср» кеше сырт алаңда «Әл-Таавунмен» ойнап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар сапынан Марцело Брозович (26), Эмерик Ляпорт (35), Отавио (50) және Роналду (90) гол соқса, алаң иелерінен Ашраф әл-Махдиуи (13) көзге түсті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам