
Хави Эрнандестің жетекшілігімен Барселона 2022/23 маусымында Ла Лига чемпионы атанған болатын
Хави тілшілерге берген сұхбатында Серхио Бускетстің кетуін – «Барселона» жаттықтырушысы кезіндегі ең үлкен қателігі деп атады.
Оның айтуынша, Бускетс команданың ойын стилінің орталық бөлігі болды. Ол кеткеннен кейін командаға жаңа тактикалық үлгі жасау керек болған, алайда мұны жасайтын ойыншы болмаған көрінеді.
«Мен бапкер болған кезде бірнеше қателік жібергенімді мойындаймын. Бускетстің кетуі бізге команданың ойын стилін өзгертуге тура келді. Мен ортада шабуылдаушы үш ойыншымен ойнағанды жөн көремін. Бірақ ол нәтиже бермеді», - деді Хави.
Хави Эрнандестің жетекшілігімен Барселона 2022/23 маусымында Ла Лига чемпионы атанған болатын. Алайда, клубта жалпы құлдырау болып, ол өз еркімен отставкаға кетті.