Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан құрамасының шабуылшысы: Атам – менің басты хейтерім

11.03.2025, 10:25

Самородов «Ахмат» сапында 2025 жылғы алғашқы голын соқты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы: Атам – менің басты хейтерім
«Ахмат» ФК

Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов өзінің алға ұмтылуына әсер ететін адамды атады.

Осыдан бірер күн бұрын Самородов «Ахмат» сапында 2025 жылғы алғашқы голын соқты. «Матч ТВ» тілшісі футболшыны жігерлендіретін адамы туралы сұрады.

«Осылай жаттығу жасауыма әсер еткен атама алғыс айтамын. Ол менің басты хейтерім деуге болады. Ол менің ашуыма тиіп, сол арқылы жаттығуымды үдете түсетінмін. Күн сайын бабымды жақсартуға тырыстым. Атам – әлі күнге дейін менің басты хейтерім. Мысал келтіре кетейін, бала күнімде бір команданы 23:1 есебімен жеңдік. Соның ішінде 22 голды мен соқтым, ал атам «бұл аз» деді. Міне, осылай», - деді Самородов.

22 жастағы қазақстандық футболшы Максим Самородов ¬– Ақтөбе футбол клубының тәрбиеленушісі. «Ақтөбе» сапында 95 матч өткізіп, 18 гол соқты. Ал былтыр Ресейдің «Ахмат» сапына ауысты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам