Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ғалымжан Кенжебек Словакияның «Кощице» клубындағы алғашқы голын соқты (ВИДЕО)

11.03.2025, 10:23

Дегенмен, оның командасы жеңіліп қалды

Ғалымжан Кенжебек Словакияның «Кощице» клубындағы алғашқы голын соқты (ВИДЕО)
instagram.com/fckosice/

Словакия чемпионатындағы «Кощице» клубында өнер көрсететін қазақ футболшысы Ғалымжан Кенжебек алғашқы голын соқты.

Ел чемпионатының кезекті турында «Кощице» «Слованға» қарсы ойын өткізген болатын. 22 жастағы қазақ жартылай қорғаушысы бірінші таймның соңында алаңға шығып, есеп ашты.

Дегенмен, Ғалымжанның соққан голы оның клубын жеңілістен құтқара алмады. Матч 3:2 есебімен «Слованның» жеңісімен аяқталды. Осы ретте айта кету керек, «Слован» сапында ойнайтын «Астананың» бұрынғы ойыншысы Тигран Барсегян осы матчта дубль авторы атанды.

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек – «Қайрат» академиясының түлегі. Жасөспірімдер арасында Қазақстан біріншілігінің 4 дүркін чемпионы. 2016-2019 жылдары чемпионаттың «Үздік сұрмергені» атағына қол жеткізген. 2024 жылы (Кипр) «Акритас» клубында ойнап, 13 ойында 4 гол соққан. Ал, 2025 жылдың басында «Кошице» клубына ауысып, 2027 жылға дейін келісімшартқа отырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам