Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тулкин Киличев өзбек боксшыларын шыбықпен сабап жаттықтырып жүр (ВИДЕО)

11.03.2025, 17:31

Өзбек боксшылары таулы аймақта оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр

Тулкин Киличев өзбек боксшыларын шыбықпен сабап жаттықтырып жүр (ВИДЕО)
instagram.com/tulkin_kilichev/

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев ұлттық құрама боксшыларын жігерлендіру үшін ерекше тәсіл қолданып жүр. Атап айтқанда, білікті маман жалқауланған спортшыларды шыбықпен сабайды екен.

Оқу-жаттығу жиынынан түсірілген видеороликті Киличев өзінің Instagram-парақшасында бөліскен. Видеодан аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтың көбірек «таяқ жегенін» байқауға болады.

«Сендерге ең зор мотивация осы. Қойыңды еске ал, атыңды еске ал, малыңды еске ал, бірақ бәрібір осы шыбық зор мотивация», - дейді Тулкин Киличев боксшыларды ұрып жатып.

Айта кетейік, бокстан Өзбекстан құрамасы былтыр Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль жеңіп, тарихи рекорд орнатты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам