
Көлік шектеулі мөлшерде шығарылған
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд құны 4 миллион фунт стерлинг тұратын ерекше Bugatti Tourbillon автокөлігін сатып алды.
Холанд бұл көлікті өзінің досы, суперкөліктердің коллекциясымен айналысатын норвегиялық миллиардер Оле Эртвагпен бірге сатып алды.
Көліктің бастапқы бағасы шамамен 3,2 миллион фунтты құрайтын, бірақ Норвегиядағы қатаң экологиялық салықтардың салдарынан оның жалпы құны 4 миллион фунтқа дейін өсті.
Шектеулі мөлшерде шығарылған (барлығы 250 данасы) бұл көлік футуристік дизайнымен және керемет техникалық сипаттамаларымен ерекшеленеді.
Ол 1800 ат күші бар гибридті V16 бензин-электр қозғалтқышымен жабдықталған, соның арқасында 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі екі секундта, ал 200 км/сағ жылдамдыққа бес секундта жете алады.
Бұл болидтің ең жоғары жылдамдығы сағатына 446 шақырымға дейін жетеді, сондықтан да ол әлемдегі ең жылдам сериялық көліктердің бірі саналады.