Магомед Адиев Қазақстанға оралмауы мүмкін

09.04.2025, 09:36

Оған ресейлік клубтар «құда түсіп» отыр

Магомед Адиев Қазақстанға оралмауы мүмкін
Қазақстан футбол федерациясы

Ресейлік танымал инсайдер Иван Карпов футбол бапкері Магомед Адиевтің ресейлік клубтардың біріне, атап айтқанда «Пари НН» командасына баруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубын жаттықтырғаннан кейін Адиев біршама уақыт жұмыссыз жүрді. Жуырда ҚФФ президентінің кеңесшісі, журналист Нұрсұлтан Құрман оның Қазақстанға оралатынын айтқан. Тіпті, «Атырау» клубына бас бапкер болатыны да белгілі болды.

«Адиев «Пари НН» клубын жаттықтыруы мүмкін, егер Гончаренко отставкаға кетсе және қазақстандық клубпен келісімге келе алмаса. 47 жастағы маман «Атыраумен» де келіссөздер жүргізіп жатыр.

Егер «Пари НН» 12 сәуірде «Динамодан» жеңілсе, Гончаренко отставкаға кететіні анық. Ал, оның орнына Адиев тағайындалады. Дегенмен, Қазақстанның мұнайлы қаласы Магомед Мусаевичті алу үшін барын салуда», - деп жазды Иван Карпов.

Айта кетейік, «Атырау» да, «Пари НН» де өз елінің чемпионатында аутсайдер ролінде келеді. Атыраулықтар төрт ойынның бірінде жеңіп, үшеуінде жеңілген. Турнир кестесінің 10-сатысында келеді. «Пари НН» болса 16 клуб ішінде 14-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам