«Дастан Сәтпаевтан да мықты»: Қазақстанда жаңа вундеркинд пайда болды

09.04.2025, 11:07

Оның статистикасына сарапшылар таңдай қағуда

«Дастан Сәтпаевтан да мықты»: Қазақстанда жаңа вундеркинд пайда болды
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстанның жасөспірімдер футболында жаңа жұлдыз пайда болды. X әлеуметтік желісіндегі танымал Rising Stars XI аккаунты U17 санатындағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дәулет Орынбасардың болашағы зор екенін жазған.

Rising Stars XI парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Дәулет Орынбасар – QJ League тарихындағы ең нәтижелі ойыншы.

«Даулет Орынбасар — QJ League тарихындағы ең көп гол және нәтижелі пас берген ойыншы. 17 матчта 28 гол соғып, 14 ассист жасады. Ол бұл көрсеткіштерімен «Челси» клубымен келісімшартқа отырған Дастан Сәтпаевтың өзінен де озып кетті. Нағыз вундеркинд», - делінген аталған жазбада.

Еске салсақ, 2025 жылдың басында «Қайрат» пен лондондық «Челси» Дастан Сәтпаевтың трансфері жөнінде келісімге келген болатын. Келісім бойынша, Сәтпаев кәмелеттік жасқа толған соң, 2026 жылдың жазында, ағылшын клубына ресми түрде қосылады.

Дәулет Орынбасардың ерекше статистикасы мен алаңдағы ойыны оған да еуропалық клубтардың назарын аудартуы әбден мүмкін айтылуда. «Қазақ футболының келесі экспорттық жобасы осы ойыншы болары сөзсіз», дейді сарапшылар. Дәулет те Дастан секілді «Қайрат» футбол академиясының үлегі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам