Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қызылорданың «Қайсары» сатылатын болды

09.01.2024, 10:34

Қазақстанның соңғы чемпионатын қызылордалық клуб алтыншы орынмен аяқтаған

Қызылорданың «Қайсары» сатылатын болды
ФК Қайсар

«Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы 23 қаңтардан бастап сатылымға шығарылады деп жазды спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-парақшасында.

«Бастапқы баға – 1,6 млрд теңгені құрайды. Бастапқы жарна 252 млн теңгені қамтиды. Сатып алам деушілер барлық талаптармен электронды сатылымдар сайтында танысып шыға алады», - деп жазылған аталған хабарламада. 

«Қайсар» ұжымы осы уақытқа дейін «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының» балансында болған.

Еске салайық, Қазақстанның соңғы чемпионатын қызылордалық клуб алтыншы орынмен аяқтады. Облыс әкімдігі болса биылдан бастап қалада үлкен стадион салынатынын айтып, жанкүйерлерге үміт сыйлады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам