«Айлық жоқ, форманы изолентамен жамаған: «Тұран» футболшылары қиын жағдайға қалды

16.05.2025, 10:32

«Тұран» клубының қосалқы құрамындағы футболшылар бірнеше айдан бері жалақысыз жүр

«Айлық жоқ, форманы изолентамен жамаған: «Тұран» футболшылары қиын жағдайға қалды
instagram/fc.turan

Түркістандық «Тұран» футбол клубының қосалқы құрамында ойнайтын футболшылар бірнеше айдан бері еңбекақы ала алмай жүр.

Meta-ratings.kz таратқан мәліметке сәйкес, клуб құрылымында қаржылық қиындықтар туындаған. Соның салдарынан қосалқы құрамдағы ойыншылар жалақыларын бірнеше ай бойы ала алмай отыр.

Мәселе мұнымен шектелмейді. Жас футболшыларға өткен жылғы ескі формалар берілген. Формалардағы нөмірлер мен ойыншылардың есімдері арнайы изолентамен жабылып, жаңадан жапсырылған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам