
Қарымта матч 31 мамырда Алматыда өтеді
Алматының «Қайрат» футзал клубы Қазақстан чемпионатының ширек финалындағы алғашқы ойында Талдықорғанның «Жетісуынан» жеңіліп қалды.
Талдықорғанда өткен матчта «Жетісу» 3:2 есебімен сенсациялық жеңіске жетті. Жергілікті команда сапынан Төрехан Досов (5-минут), Нұрсұлтан Таңатұлы (6-минут) және Алеф Майоли (25-минут) гол соқты. Ал, «Қайрат» құрамынан Біржан Оразов (18-минут) пен Дәурен Тұрсағұлов (28-минут) мергендік танытты.
Айта кетейік, бұл кездесуде алматылық команда айқын фаворит саналған болатын.
Командалар арасындағы екінші матч 31 мамыр күні Алматыда өтеді. Егер екі ойыннан кейін де жартылай финалға өтетін команда анықталмаса, шешуші үшінші матч 1 маусымда Алматыда ұйымдастырылады.