Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Месси мен Суарес футбол клубын құрды

28.05.2025, 12:59

Жаңа ұжым «Депортиво ЛСМ» деп аталады

Месси мен Суарес футбол клубын құрды
elhorizonte.mx

Америкалық «Интер Майами» футбол клубының жұлдыздары Лионель Месси мен Луис Суарес Уругвайда жаңа команда құрды.

Жаңа ұжым «Депортиво ЛСМ» деп аталады және жақын арада Уругвайдың төртінші лигасында өнер көрсетпек.

Marca басылымының мәліметінше, клубтың атауы – «Депортиво ЛСМ» – қос футболшының есімдерінің бас әріптерінен құралған (Лионель – Суарес – Месси).

Қазіргі уақытта жаңа құрылған команда Уругвай чемпионатының төртінші дивизионына қатысуға дайындалып жатыр. Бұл туралы жаңалықты Луис Суарес өзінің Instagram парақшасында бөлісті:

«Мен бала күнімнен жақсы көретін, өсіп-өнген Уругвай футболына үлес қосқым келеді. Барлық жасөспірімдер мен балаларға даму мүмкіндіктері мен қажетті құралдарды ұсынғым келеді. Біз Уругвай футбол қауымдастығы (AUF) аясында ойнаймыз. Бұл отбасымызбен бірге сенім артып отырған жобамыздың маңызды қадамы деп есептеймін», – деді Суарес.

Жаңа клубтағы Суарестің басты серіктесі оның «Интер Майамидегі» атақты әріптесі Лионель Месси болмақ.

«Біз бала кезден бері көптеген сәтті бірге өткіздік, футболда тәжірибе жинадық. Сол себепті мен сіздерге досым әрі әріптесімді таныстырғым келеді. Бұл жоба – футболға деген көзқарасымызбен бөлісуді жалғастырудың тамаша алаңы», – деп атап өтті Месси.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам