
Өзбек футболшысы: Қазақстан бәсекелестік жоғары ортада өнер көрсетеді
Өзбекстан құрамасының бұрынғы футболшысы Сервер Джепаров «Футбол жолы» YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстанның УЕФА аясында ойнауының артықшылықтары туралы айтты.
«Қазақстан бәсекелестік жоғары ортада өнер көрсетеді. Менің ойымша, қай жолды таңдасаңыз да, егер Еуропаға жорықты бір бастап көрген соң, соңына дейін шыдас беру керек. Еуропаның аты - Еуропа. Өйткені сіздер Чемпиондар лигасына шыққанда, сіздерге «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Галатасарай» сияқты командалар келеді. Ал біз болсақ, мұндай клубтардың бізге келуін армандаймыз. Оларды шақыру бізге қиын, себебі біз Азия аймағындағы елміз», — деді Джепаров.
Айта кетейік, Қазақстан 2002 жылғы 25 сәуірде Азия футбол конфедерациясынан шығып, УЕФА құрамына қабылданған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан УЕФА-ның рейтингінде 39-орында тұр. Ал Өзбекстан Азия футбол конфедерациясына мүше.