Дастан Сәтпаев «Ақтөбені» 15 мың жанкүйерінің алдында тізе бүктірді (ВИДЕО)

30.05.2025, 22:46

Төреші ақтөбелік командаға жағдайдың бәрін жасап бергенімен, футболшылар мұндай басымдықты пайдалана алмады

Дастан Сәтпаев «Ақтөбені» 15 мың жанкүйерінің алдында тізе бүктірді (ВИДЕО)
Қайрат ФК

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-туры ойындарының алғашқы жарыс күні аяқталды.

Астанада «Жеңіс» пен «Ордабасы» тең тарқасты (2:2). Қостанайда «Тобыл» 5:0 есебімен «Атырауды» ойсырата жеңді. «Астана» сырт алаңда «Елімайға» еш мүмкіндік қалдырған жоқ (0:2).

Турдың орталық ойыны Ақтөбеде өтті. Жергілікті «Ақтөбе» Алматыдан келген «Қайратты» қабылдаған. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін жас футболшы Аян Байдәулетов «Ақтөбені» алға шығарды. Одан кейін бас төреші күмәнді шешімдер қабылдай бастады. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыконы алаңнан қуды. Бас бапкер Рафаэль Уразбахтинге де қызыл қағаз көрсетті.

Бірақ одан «Қайрат» тоқтап қалған жоқ. Алдымен 75-минутта Александр Мартынович есепті теңестірсе, ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда 16 жастағы Дастан Сәтпаев жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 1:2.  Қатарынан үш матчта жеңілген «Қайрат» сәтсіз серияны аяқтады.

«Челсидің» болашақ ойыншысы Дастан Сәипаев болса Премьер-лигадағы голдарының санын сегізге дейін жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам