Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Рома» Жозе Мауриньюны қызметін қууы мүмкін

13.01.2024, 23:54

Клуб басшылары португалдық маманның нәтижесіне көңілі толмай отыр

«Рома» Жозе Мауриньюны қызметін қууы мүмкін
Getty Images

«Романың» бас бапкері Жозе Мауринью жақын күндері отставкаға кетуі мүмкін деп хабарлады CalcioMercato басылымы.

Дереккөздің мәліметінше, клуб басшылығы португалдық маманға жағдайды реттеу үшін 30 күн уақыт беріпті. Осы уақытта Мауринью «Романың» жеңілістер сериясын тоқтатып, қажетті ұпайын жинауы қажет. Олай болмаған жағдайда келісімшарт мерзімінен бұрын үзіледі.

Былтыр римдік команданың Конференция лигасында жеңіске жеткеніне қарамастан, клуб басшылары биылғы нәтижелерге көңілі толмай отыр.

Қазір «Рома» A сериясында сегізінші орында келеді. Ал, Жозе Мауриньюның келісімшарт мерзімі осы маусымның соңына дейін күшінде.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам