Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Рамазан Оразов «Ақтөбеге» оралды

14.01.2024, 00:11

Оның словениялық «Коперден» кеткені былтыр желтоқсанда айтылған болатын

Рамазан Оразов «Ақтөбеге» оралды
KazFootball.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оралов Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Ақтөбе» клубының сапына келіп қосылды. Бұл туралы «Kommentator_Maulen» Telegram-каналында жазылған.

Еске салайық, Рамазан Оразовтың словениялық «Коперден» мерзімінен бұрын кеткені бұған дейін айтылған болатын. Клубтың жаңа басшылары қазақстандық футболшыдан пайда аз деп шешкен.

Оразов болса бұған дейін «Ақтөбенің» сапында 2021-2023 жылдар аралығында ойнаған. Осы уақыт аралығында ол «ақ-қызылдар» үшін 37 ойын өткізіпті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам