«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Марат Омаров қазақ тілін меңгеруге уәде берді
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров қазақ тілін меңгеруге бел буғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкімет кулуарында BAQ.kz-ке берген сұхбатында айтты.
«Әрине, біраз уақыт керек. Тәжірибе қажет. Бірақ мен бір жылдың ішінде еркін сөйлей алатыныма сенемін. Қазақ тілінде сұхбат беретін боламын. Осы ретте маған көмектеріңіз қажет»
Бұған дейін Марат Омаров бас бапкер Әли Әлиевтің ұлттық құрамадағы тағдыры алдағы үш ойынға тікелей байланысты екенін айтты.