
Қайғылы оқиға Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған.
Португалия құрамасының және ағылшынның «Ливерпуль» клубының шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.
Қайғылы оқиға Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған. Футболшы 28 жаста еді.
Басылымның мәліметінше, көлікте Диогудың ағасы Андре де болған. Алайда оның жағдайы әзірге белгісіз.
Диогу Жота Португалия құрамасы сапында екі мәрте Ұлттар лигасының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар «Ливерпульмен» бірге Англия Премьер-лигасында чемпион болған.
Ресми органдар оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.