ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Арсеналда» ойнаған футболшы түрмеге қамалды

05.07.2025, 08:54

Томас Партидің тағдыры алдағы бірнеше айда шешіледі.

«Арсеналда» ойнаған футболшы түрмеге қамалды
ФОТО: Getty Images

«Арсеналдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Томас Партиге бес бірдей зорлау эпизоды бойынша ресми түрде айып тағылды.

Англияның Корольдік прокуратура қызметі (CPS) Томас Партиге қатысты үш түрлі әйелдің арызы негізінде бес эпизод бойынша зорлау ісі қозғалғанын растады. Алғашқы сот отырысы келесі аптада басталады.

CPS мәліметінше, қылмыстық әрекеттер 2021-2022 жылдар аралығында жасалған болуы мүмкін. Істежәбірленуші үш әйелдің куәліктері мен полиция жинаған дәлелдер көрсетілген. Парти 2025 жылдың 5 тамызында Вестминстер магистраттық сотына шақырылды.

«Айыптар барлық дәлелдер сарапталған соң бекітілді. Біз қоғамды болжамдар мен алыпқашпа әңгімелерден аулақ болуға шақырамыз – бұл сот процесіне әсер етуі мүмкін», – деп мәлімдеді CPS өкілдері.

Сондай-ақ ведомство тергеу жұмыстарының Лондон полициясымен тығыз әріптестікте жүргізілгенін атап өтті.

«Жинақталған материалдарды мұқият қарап шыққан соң, Томас Партиге жыныстық сипаттағы бес қылмыс бойынша айып тағу туралы шешім қабылданды. Лондон полициясы тергеу жүргізіп, айып тағуға негіз болатын дәлелдер ұсынды», – делінген ресми хабарламада.

Парти «Арсеналдан» 2025 жылдың жазында кеткенімен, әлі күнге дейін қоғам назарында жүрген футболшы. Егер оның кінәсі дәлелденсе, онда сотталады. 

Томас Партидің тағдыры алдағы бірнеше айда шешіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам