ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпестің» бас бапкері болды

05.07.2025, 20:54

Нұрдәулетов мамырда «Ертістің» бас бапкері ретінде қызметін тоқтатқан 

Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпестің» бас бапкері болды
«Оқжетпес» ФК

Қайрат Нұрдәулетов футболдан «Оқжетпес» клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.

Ойыншы мансабын аяқтаған соң Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылып, кейін жастар құрамасын басқарып, бапкерлік жолын жалғастырды.

2023 жылы Түркістан облысының «Мақтаарал» клубында бас бапкердің міндетін атқарып, команданы Премьер-лигада сақтап қалуға көмектесті. Кейін Талдықорғанның «Жетісу» клубын тізгіндеп, командамен бірге ел чемпионатын 11-орында аяқтады. 

«Еврокубокке шығу – мақсатымыздың бірі болмақ. Ең аз дегенде турнирлік кестедегі орынды сақтап қалуымыз керек. Бұрынғы бас бапкер мен бапкерлік құрамның керемет нәтижесін сақтай отырып, алдағы өтетін матчтарда тек жеңіске жету – басты міндет», – деп жазылған «Оқжетпес» командасы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Нұрдәулетов биыл павлодарлық «Ертіс» командасы бас бапкері болып, мамыр айында өз еркімен қызметтен кетті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам