ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

16.07.2025, 09:37

Бұған дейінгі кездесуде қос команда 1:1 болып тең түскен еді

«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты
instagram.com/f.c.kairat

Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Словенияның «Олимпиясын» ұтып, келесі кезеңге жолдама алды. Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті және жерлестеріміз 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Екінші минуттардан-ақ «Қайрат» қарқынды бастады: 5-минутта Жоржиньо есеп ашты, ал 31-минутта сол Жоржиньоның пасынан кейін Александр Мрынский тағы бір гол соғып, командасының басымдығын күшейтті.

Бұған дейін Люблянада өткен алғашқы кездесуде қос команда 1:1 болып тең түскен еді. Ол ойында «Қайраттың» атынан небәрі 16 жастағы Дастан Сатпаев гол салып, тарихқа ең жас қазақстандық футболшы ретінде енді – ол Чемпиондар лигасында дебют жасап, бірден гол соқты.

Енді алматылықтар келесі айналымда Финляндияның КуПС немесе Молдованың «Милсами» командаларының біреуімен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам