ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Ақтөбеде полиция күшейтілген режимге көшті

17.07.2025, 14:21

Бүгін «Ақтөбе» – «Легия» матчы өтеді

Ақтөбеде полиция күшейтілген режимге көшті
instagram.com/fcaktobe_official

Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбе» – «Легия» футбол матчының қарсаңында Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшірілді.

Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараларды қолға алған.

«Қаладағы жағдай тұрақты. Матч өту барысы мен стадион маңы полицияның тұрақты бақылауында болады», – деп атап өтті полиция департаментінің өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін «Ақтөбе» футбол клубы Еуропа лигасы аясында өткен алғашқы ойында Варшавада «Легияға» 0:1 есебімен жол берген болатын.

ChatGPT жасанды интеллекті бүгінгі кездесуге қатысты болжамын ұсынды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам