
Шымкенттік клуб Еуропадағы жорығын осымен аяқтады
Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен «Ақтөбе» бірінші айналымнан ары аса алмады. Варшавалық «Легиямен» кездескен отандық клуб екі матчта да жеңіліп, жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалды.
Еске салайық, Польшада өткен алғашқы ойында «Легия» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ақтөбеде бүгін өткен матч тура осындай есеппен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Жалғыз голды 90+1 минутта Юрген Элитим соқты.
Енді «Ақтөбе» Еуролигадағы жолын Конференция лигасында жалғастырады. Аталған турнирдің екінші айналымында қазақстандық клуб чехиялық «Спартамен» бақ сынамақ.
Ал, дәл осы Конференция лигасында өнер көрсеткен «Ордабасы» Кутаисидің «Торпедосынан» екі ойын нәтижесі бойынша жеңілді. Грузияда өткен матчта 4:3 есебі тіркелсе, Шымкентте командалар 1:1 есебімен тең тарқасты.