ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Ұтылса, «позор» деп шығады». «Ордабасы» клубының жанкүйері жылап қалды

18.07.2025, 15:53

Жанкүйерлердің бірі көзіне жас алды

«Ұтылса, «позор» деп шығады». «Ордабасы» клубының жанкүйері жылап қалды
Видеодан кадр

Конференция лигасынан шығып қалған «Ордабасына» жергілікті жанкүйерлер қолдау көрсетті.

17 шілде күні шымкенттік ұжым өз алаңында Кутаисидің «Торпедосын» қабылдап, 1:1 есебімен тең тарқасқан. Бірақ сырт алаңдағы ойында «Ордабасы» 4:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Тиісінше екі кездесу қорытындысы бойынша еурокубоктағы жорығын аяқтады. Осыдан соң футболшылар сынға ұшырап, «клуб жабылсын» деген сыңайдағы пікірлер айтыла бастады. Дегенмен көпшілік арасынан «Ордабасыны» қолдаушылар да табылды. 

«Ұтылып қалған соң бәрі «позор» деп айтып жатыр. Жерден алып жерге салып жатыр. Осыдан кейін қалай ойнайды?! Қолдау деген мүлде жоқ. Ұтылса, ұтылды дейді. Олар да әдейі ұтылмайды ғой. Түсінуге болады. Ақша тіккен, соған ғой жандары шығып бара жатыр, ақшаға бола жігіттерді солай қаралауға бола ма?!» - деп көз жасына ерік берді жанкүйер қыз.

«Ордабасының» сынға ұшырауы заңдылық секілді, себебі клуб еурокубоктарда әлсіз қарсыластардың өзін айналып өте алмаған. 

Ендеше, шымкенттік команданың бұған дейін қай клубтарға есе жібергенін тізіп өтейік. 

1:2, 2:2 - Русенборг (12/13);
0:0, 1:2 – «Бейтар» (15/16); 
3:3, 0:3 – «Чукарички» (16/17);
0:0, 0:2 – «Широки Брие»г (17/18);
2:3, 1:1 – «Млада» (19/20);
1:2 – «Ботошани» (20/21),
2:2, 2:3 – «Легия» (23/24)
0:0, 0:1 – «Петрокуб» (24/25)
0:1, 0:1 – «Пюник» (24/25)
3:4, 1:1 – «Торпедо К» (25/26).

Жалпы шымкенттіктердің ең үздік нәтижесі Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңі болып тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам