ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстандық маман «Арсеналдың» бас бапкері атанды

18.07.2025, 17:55

Сергей Якушин 1989 жылдың 8 наурызында Павлодар қаласында дүниеге келген

Қазақстандық маман «Арсеналдың» бас бапкері атанды
instagram.com/mr.yakushin

36 жастағы қазақстандық маман Сергей Якушин Беларусьтің Дзержинск қаласындағы «Арсенал» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сергей Якушин 1989 жылдың 8 наурызында Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол кәсіби ойыншы ретінде мансабын 2006 жылы Алматының «Цесна» клубында бастаған. Кейін «Алма-Ата», елорданың «Локомотив» пен «Астана-1964», сондай-ақ «Қызылжар» мен «Мақтаарал» командаларында ойнаған.

Жасөспірім кезінде Қазақстанның U-17 және U-19 құрамаларына шақыртылған. Футболшы мансабын 28 жасында аяқтап, бапкерлік қызметке бет бұрған.

Алматыдағы Alash-PKS академиясында жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы болған. 2024 жылдың 23 қаңтарынан 19 маусымына дейін туған қаласындағы «Ертіс» клубының бас бапкері қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта PRO категориясындағы бапкерлік лицензия алуға дайындық үстінде.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам