Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Бахтиер Зайнутдиновті жаңа клубы креативті түрде таңыстырды

28.07.2025, 13:30

«Бешикташта» өткен маусымда жарақатына байланысты небәрі 9 ойынға қатысқан.

Бахтиер Зайнутдиновті жаңа клубы креативті түрде таңыстырды
"Бешикташ" фк баспасөз қызметі

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ресми түрде Мәскеудің «Динамосына» ауысты.

«А әрпінен басталатын қала – Жамбыл яғни Тараз. Өйткені ол жақта жылы, ол жақта «Динамоның» жаңа ойыншыларының бірінің үйі бар. Бұл кім? Жақында біле аласыздар!» -делінген жазбада.

Бұл жолғы креативті таныстырылым Ресейдің "Динамо" клубына ауысқан Бақтиер Зайнутдиновке қатысты жасалған.

27 жастағы Зайнутдинов Ресей футболына жақсы таныс - ол бұған дейін «Ростов» сапында 35 матч, ЦСКА құрамында 83 матч өткізген. Ал «Бешикташта» өткен маусымда жарақатына байланысты небәрі 9 ойынға қатысқан.

Айта кетейік, «Динамоның» бас бапкері Валерий Карпин Зайнутдиновпен «Ростовта» жұмыс істеген және оны команда сапында қайта көргісі келетінін ашық айтып еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам