Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Челси» футболшылары Диогу Жотаның отбасына 15,5 миллион доллар аударды

14.08.2025, 17:50

Чемпиондық атақ клубқа 114,6 миллион доллар табыс әкелген

«Челси» футболшылары Диогу Жотаның отбасына 15,5 миллион доллар аударды
© DeFodi Images / Contributor / DeFodi Images / Gettyimages.ru

Лондондық «Челси» ойыншылары клубтық әлем чемпионатындағы жеңіс үшін алған барлық бонустарын қаза тапқан «Ливерпуль» және Португалия құрамасының шабуылшысы Диогу Жотаның отбасына аударды.

Чемпиондық атақ клубқа 114,6 миллион доллар табыс әкелген. Соның ішінде турнирге қатысқан футболшыларға 15,5 миллион доллар көлемінде бонус бөлінген. Дәл осы қаржыны ойыншылар бірауыздан марқұмның отбасына жіберу туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, 3 шілде күні Испанияның Самора қаласында Диогу Жота мен оның інісі Андре жол апатынан қаза тапты. Футболшы 28 жаста еді. 

«Ливерпуль» футбол клубы жол апатынан қаза тапқан португалиялық шабуылшының отбасына 2027 жылға дейінгі еңбек келісімшартында қарастырылған толық соманы өтейтін болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам