Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Астана» өз алаңында жеңіліп, Конференция лигасымен қоштасты

14.08.2025, 21:22

Елордалықтар Швейцарияның «Лозанна» командасына есе жіберді

«Астана» өз алаңында жеңіліп, Конференция лигасымен қоштасты
instagram.com/fca.astana

«Астана» футбол клубы өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» командасына қарсы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты матчын өткізді. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтіп, оны словениялық төреші Мартин Матош басқарды.

Алғашқы таймда қос команда да есеп ашуға мүмкіндік алды. Алайда шабуылдар нәтижесіз аяқталды. Үзіліске дейін «Лозанна» қорғаушысы Брайан Окох қақпа маңында баспен соққы жасап, доп бағанадан кері қайтты.

Екінші тайм басталған сәтте «Астананың» қорғаныстағы қателігін Беятт Лекуэйри пайдаланып, есепті ашты — 0:1. 66-минутта Гауссу Дьяките алаң иелерінің қорғанысын бұзып, Сейсен қақпасына екінші голды соқты — 0:2. 86-минутта Эбонг қызыл қағаз алып, ойыннан шығарылды.

Алғашқы ойында 1:3 есебімен жеңілген «Астана» екі матч қорытындысы бойынша Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады. «Лозанна» жарысты жалғастырады.

Қорытынды есеп:

«Астана» (Қазақстан) — «Лозанна» (Швейцария) — 0:2 (0:0)

Голдар: Лекуэйри, 48 (0:1); Дьяките, 66 (0:2)

Қызыл қағаз: Эбонг, 86

Алғашқы матч — 1:3

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам