Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Селтик» бас бапкері «Қайратты» жеңіп, келесі кезеңге жолдама алатынын айтты

Бүгін, 11:39

Қарымта ойын ертең, 26 тамызда, Алматыда өтеді

«Селтик» бас бапкері «Қайратты» жеңіп, келесі кезеңге жолдама алатынын айтты
ФК «Селтик»

Глазголық «Селтик» клубының бас бапкері Брендан Роджерс командасының Алматыға тек жеңіс үшін баратынын айтты. Оның басты мақсаты — Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу.

Алғашқы кездесу Глазгода өтіп, тең есеппен (0:0) аяқталған еді. Қарымта ойын ертең, 26 тамызда, Алматыда өтеді.

«Біз өте позитивті көңіл-күйдеміз. Алдағы 48 сағат ішінде ойынды дұрыс өткізу үшін барымызды саламыз деп ойлаймын. Ұшуға және басқа да дайындықтарға қатысты қажетті жұмыстардың барлығын атқарамыз. Біз бұл сапарға жеңіске жету үшін аттанамыз. Басты мақсатымыз — Чемпиондар лигасына жолдама алу. Қазіргі ойынымыз жаман емес, сырт алаңда да жеңіске жете алатынымызды көрсеттік. Біздің жоспарымыз айқын», — деді Солтүстік Ирландия маманы «Селтиктің» баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұған дейін «Селтиктің» бас жаттықтырушысы Брендан Роджерс Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта «Қайратпен» (0:0) тең түскеннен кейін ойынға қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам