Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Өзбекстанды португалиялық танымал бапкер жаттықтыруы мүмкін

26.08.2025, 19:06

Мұндай тәжірибе бұған дейін Сречко Катанец кезінде қолданылған еді.

Өзбекстанды португалиялық танымал бапкер жаттықтыруы мүмкін
Фото Reuters

Өзбекстан футбол құрамасына жақын арада жаңа бас бапкер тағайындалады. Бұл туралы журналист Жалолиддин Қобилжонов хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, 27 тамыз күні Ташкентке португалиялық маман Паулу Бентудың өкілдері келеді. Өзбекстан футбол билігі бұрынғы Португалия құрамасының бас бапкерімен келіссөздер жүргізбек.

Айта кетсек, 2010-2014 жылдары Бенту Португалия құрамасын жаттықтырып, командасын Еуро-2012 турнирінің жартылай финалына шығарған. Кейін ол Азияда да табысты жұмыс істеді - Оңтүстік Корея құрамасын 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатының 1/8 финалына дейін жеткізді. Соңғы жұмыс орны – Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасы. Алайда ол Өзбекстанмен ойын алдындағы кезеңде қызметінен босатылған.

56 жастағы бапкер қатаң тәртібімен және нәтижеге бағытталған футболымен танымал. Инсайдерлердің айтуынша, португалиялық маман Өзбекстан құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу мақсатында бір жылдық келісімшартқа ие болуы мүмкін. Дегенмен футбол сарапшылары шетелдік жаттықтырушыға қысқа мерзімді келісімшартпен шектелмеу керек деп есептейді. Олардың пікірінше, ұзақ мерзімді жобаны жүзеге асыра алатын бапкер шақырған жөн. Мұндай тәжірибе бұған дейін Сречко Катанец кезінде қолданылған еді.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта Өзбекстан құрамасын Темур Кападзе басқарады. Шетелдік бапкер тағайындалған жағдайда, оның болашақтағы тағдыры қалай болатыны әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам