
Сылбыр ойынының құнын қымбат төледі.
Ұлыбританияның беделді басылымдарының бірі The Guardian Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы шешуші матчтың нәтижесі жайлы пікірін білдірді.
«Түн ортасында, Еуропа шекарасынан мыңдаған шақырым жерде Темірлан Анарбеков «Селтиктің» масқара тарихына өз атын жазып қойды. 21 жастағы жас қақпашы пенальти сериясында соққыларды қайтарып, қазақстандық «Қайратты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарды.Адам Айда, Люк МакКоун және Дайдзен Маэда өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Олардың соққыларының бәрін құрамға жедел қосылған қақпашы қайтарды. Қақпадағы қарсыласы Каспер Шмейхель тек құрметпен қолын қысуға мәжбүр болды. Ал «Селтик» 210 минут бойы голсыз ойнап, пенальти кезінде абдырап, сол сылбыр ойынының құнын қымбат төледі.«Селтик» басшылығының трансферлік науқанды Чемпиондар лигасы іріктеуінен кейінге қалдыру шешімі бұған дейін сынға ұшыраса да, енді орынды көрінеді. Бірақ шабуыл шебін күшейту командаға көмектесер ме еді? Бұл жеңіліс Брендан Роджерстің жағдайына қалай әсер етеді? «Селтик» үшін элиталық турнирге шығу Еуропа лигасына қатысқаннан төрт есе артық табыс әкелер еді. Оның орнына тарих пен тағдыр енді «Қайраттың» жағында. Қазақстаннан бұған дейін тек «Астана» он жыл бұрын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын.«Селтик» өткен маусымда ойнаған 36 командалық форматқа қайта оралмайды, олар плей-оффта сүрінді», - деп жазады сайт.
Айта кетейік, плей-офф кезеңінде «Қайрат» сенсация жасап, екі матчтың қорытындысы бойынша шотландиялық «Селтикті» жеңді (0:0, пенальти - 3:2).