Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Бактиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына тағы көмектесе алмайды

01.09.2025, 19:18

Зайнутдиновтың «Спартакқа» қарсы дербиге үлгеруі әбден мүмкін

Бактиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына тағы көмектесе алмайды
ФОТО: Instagram:bateka_11

27 жастағы Мәскеудің «Динамо» клубының қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов қыркүйектегі құраманың ойындарына көмектесе алмады. Ол жарақатынан кейін қалпына келуді клубында жалғастырады.

Metaratings.ru жазуынша, «Динамо» клубы Қазақстан футбол федерациясына ойыншының ЦСКА-ға қарсы Ресей Премьер-лигасының бесінші тур матчында (1:3) алған бұлшықет жарақатынан кейін қалпына келетінін мәлімдеді.

Егер оңалту жоспары бойынша бәрі дұрыс жүрсе, Зайнутдиновтың «Спартакқа» қарсы дербиге үлгеруі әбден мүмкін. Ол жалпы топтағы жаттығуларға келесі апта басында оралуы ықтимал.

Айта кетейік, Зайнутдинов жазғы трансферлік кезеңде «Динамоға» ауысқан еді. Сол қапталдағы қорғаушысы жаңа командасында әзірге нәтижелі әрекетсіз төрт матч өткізді.

Бактиер биылғы іріктеу ойындарға мүлдем қатыса алмай жатыр.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам