
«Қайраттың» топтық кезеңдегі ойындар кестесі жарияланды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін тарихи матч туралы пікір білдірді. Министрдің айтуынша, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуге билеттердің бағасы әзірге белгісіз.
«Билеттердің құны мен сатылым орындары УЕФА-мен келісілгеннен кейін ресми түрде хабарланады. Халықты алаяқтарға алданып қалмауға шақырамыз. Барлық ақпарат министрлік пен клубтың ресми арналарында жарияланады», – деді министр.
«Қайраттың» топтық кезеңдегі ойындар кестесі:
18 қыркүйек – «Спортинг» (Португалия, сырт алаңда);
30 қыркүйек – «Реал Мадрид» (Алматы);