Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қазақстандық футболшы сүйіктісіне 11 млн теңге тұратын Hermes сөмкесін сыйлады

02.09.2025, 16:07

Сол сәттен бастап алғашқы қымбат сыйлығымды алдым

Қазақстандық футболшы сүйіктісіне 11 млн теңге тұратын Hermes сөмкесін сыйлады
ото: Instagram/abilovva_m

Талдықорғанның «Жетісу» клубы мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Димаш Қашкен сүйіктісі Мерей Әбіловға қымбат сөмке сыйлаған.

«Біз дүкен аралағанды қатты ұнатамыз. Сондықтан да жатын бөлмемізден гөрі гардеробымыз кеңірек болғанын қаладым. Оң жақта – менің киімдерім, сол жақта – Димаштың заттары тұр. Шынымды айтсам, менде киім аз, керісінше, Димашта көп. Ол әрқашан бренд бұйымдарға қызығатын. Қазір гардеробында талай қымбат дүниелер бар. Біз қыз-жігіт болып жүрген 2022 жылы ол маған алғаш рет бренд сөмке сыйлаған еді. Бір аптадан кейін туған күнім болды. Не сыйлайын деп сұрағанда, мен Dior сөмкесін қалап, суретін жібердім. Сол сәттен бастап алғашқы қымбат сыйлығымды алдым. Бұл мен үшін бағалы әрі ерекше. Тіпті, қызымыз Мариям дүниеге келгенде де ол тағы да сөмке сыйлады», – деді футболшының жұбай Мерей блогер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында.

Желі қолданушыларының жазуынша, Hermes сөмкесінің құны – 11 миллион теңге тұрады.

Айта кетейік, Димаш Қашкен биылғы маусымды «Ұлытау» командасынан бастаған. Одан кейін трансферлік ашылғанда Самат Смақов жаттықтыратын «Жетісу» клубына ауысып кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам