ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бектенов футболға байланысты министр Мырзабасыновқа бір ай уақыт берді

Қазіргі кезде төрт клубқа инвесторлар таблылған. 

Үкімет
Үкімет

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Туризм және спорт министрлігіне өңірлермен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін футбол клубтарын жекешелендіру бойынша жоспар-кесте әзірлеу тапсырылды», – делінген ресми Telegram-арнада жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіби спортты тек әлеуметтік құбылыс ретінде ғана емес, көптеген елдерде қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастыру қажеттігін атап өткен болатын.

Қазіргі кезде төрт клубқа инвесторлар таблылған. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам