Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

ҚФФ футболшыны балағаттаған арбитрге жаза қолданды

09.09.2025, 17:02

«БИІК-Шымкент» капитаны Бибігүл Нұрұшеваға айыппұл салынды

ҚФФ футболшыны балағаттаған арбитрге жаза қолданды
Видеодан кадр

4 қыркүйек күні Қазақстан футбол федерациясының Контрольдік, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті. Онда Әйелдер лигасының 16-турындағы «Ұлытау Ж» — «БИІК-Шымкент» ойынында орын алған тәртіп бұзушылықтарға байланысты шешімдер қабылданды.

Матч барысында «БИІК-Шымкент» капитаны Бибігүл Нұрұшева төрешіге бейәдеп сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды. Комитет шешімімен ол 50 АЕК, яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Қарызды өтеу мерзімі — 2025 жылғы 4 қазан.

Сонымен қатар, арбитр Андрей Бурдейный ойыншыға тіл тигізгені үшін жазаланды. Оған футболға қатысты кез келген қызметпен айналысуға 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тыйым салынды. Шектеу 4 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам