ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Франциядан Алжирге: Зиданның ұлы азаматтығын ауыстырып, ұлттық құрамаға өтті

03.10.2025, 11:20

27 жастағы қақпашы Алжир ұлттық құрамасына шақырту алды

Франциядан Алжирге: Зиданның ұлы азаматтығын ауыстырып, ұлттық құрамаға өтті
© Pressefoto ULMER / Markus Ulmer / imago sportfotodienst / Global Look Press

Атақты француз футболшысы Зинедин Зиданның ұлы Люка Зидан алғаш рет Алжир ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұған дейін қақпашы Францияның жастар құрамасында ойнаған еді.

Алжир футбол федерациясы әлеуметтік желілерде 27 жастағы қақпашының шақыртылғанын ресми жариялады. Бұл айда команда әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді: 9 қазанда сырт алаңда Сомалиге қарсы ойнаса, 14 қазанда өз алаңында Уганданы қабылдайды.

Люка Зидан осы жылдың қыркүйегінде азаматтығын ауыстырып, Алжирдің азаматы атанды. Қазіргі таңда ол Испания чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсететін "Гранда" клубының қақпасын қорғауда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам