ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

2027 жылы футбол жанкүйерлері Ташкент пен Бакуге жиналады

03.10.2025, 12:15

Өзбекстан мен Әзербайжан жастар арасындағы футболдан әлем чемпионатын қабылдайды

2027 жылы футбол жанкүйерлері Ташкент пен Бакуге жиналады
ФИФА

2027 жылы футболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты (U20) Өзбекстан мен Әзербайжанда өтетін болды. Бұл шешім 2 қазанда Швейцарияның Цюрих қаласында өткен ФИФА Кеңесінің отырысында қабылданды.

Осылайша, екі ел алғаш рет бірлесе отырып, әлемдік деңгейдегі айтулы турнирдің қожайыны атанады. Айта кетейік, қазіргі таңда жастар чемпионаты Чилиде өтіп жатыр.

Сонымен қатар, ФИФА әйелдер арасындағы жаңа турнирді де бекітті. 2026 жылдың 28 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Лондон қаласы әйелдер Кубогының финалдық кезеңін қабылдайды. Жарыс төрт матчтан тұрады және Англия астанасының төрінде өтпек.

ФИФА президенті Джанни Инфантино кеңестің ашылуында ұйымның басты ұстанымына тоқталды:

«ФИФА футболдың күшін адамдарды біріктіру үшін пайдалануға ұмтылады. Біз бүгінде әлемнің әр түкпірінде түрлі қақтығыстардан зардап шегіп жатқан жандарды ойлаймыз. Футболдың қазіргі таңда бере алатын ең маңызды үндеуі – бейбітшілік пен бірлік. Әрине, ФИФА геосаяси мәселелерді шеше алмайды, бірақ футболды бүкіл әлемге насихаттау арқылы оның бірлікке, мәдениетке, білімге және гуманитарлық құндылықтарға қызмет етуіне жағдай жасайды», – деді ол.

Айта кетейік, турнир иелері ретінде Өзбекстан мен Әзербайжан құрамалары автоматты түрде 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам