ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Чип орнатылған: FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының добын таныстырды

03.10.2025, 15:29

Бұл Adidas компаниясы шығарған әлем біріншіліктерінің 15-ші добы болмақ

Чип орнатылған: FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының добын таныстырды
ФИФА

Adidas тағы да қарапайым заттан озық технологиялық өнім жасап шықты. FIFA 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатының ресми добын таныстырды.

Жаңа доп Trionda деп аталады. Бұл Adidas компаниясы шығарған әлем біріншіліктерінің 15-ші добы болмақ. Trionda атауы испан тілінен аударғанда «үш толқын» дегенді білдіреді және үш елдің бірлескен турнирін бейнелейді.

Trionda небәрі төрт панельден құралған – бұл әлем чемпионаттары тарихындағы ең аз көрсеткіш. Панельдердің толқынға ұқсас ерекше геометриясы, терең тігістері мен рельефті беткі қабаты доптың ұшу бағытын тұрақтандырып, соққы кезіндегі дәлдігін арттырады. Мұндай құрылым жаңбырлы ауа райында да ойын сапасын төмендетпейді.

Әр панельдің ортасына үшбұрыш бейнеленген – бұл үш мемлекет бірлігінің белгісі. Ал жалпы дизайн ұлттық рәміздермен толықтырылған: Канаданы – үйеңкі жапырағы, Мексиканы – қыран, АҚШ-ты – жұлдыз бейнелейді. Доптағы алтын түс әлем чемпионатының басты трофейін меңзейді.

Trionda-да 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатында қолданылған Connected Ball технологиясы енгізілген. Ол офсайдтарды, сызықтың қиылысын және доппен ойыншылардың жанасуын нақты тіркеп, төрешілерге даулы сәттерді шешуде көмектеседі.

Футболдан әлем чемпионаты 2026 жылы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам