
Ештеңе де бекер болмайды
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде Алматының «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға қатысты пікір білдірді.
Соңғы уақытта желіде Шерханға қарсы «ештеңеге қол жеткізген жоқ», «ерекше ойынымен көзге түспеді» деген сынды жазбалар тараған еді. Бұған жауап ретінде Сабина 18 жастағы қақпашыны қолдап шықты:
«Осындай қолдау көрсетудің орнына сын айтатындар көп. Назар аударма. Ештеңе де бекер болмайды, бәрі Алланың қалауымен. Алға, Шерхан! Еңбек, мінез және жинақылық – бастысы осы», – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Сабина Алтынбекова туралы:
Ол 17 жасынан бастап Қазақстан жастар және ересектер құрамасында ойнады. Танымалдыққа жетуі: 2014 жылы Азия жасөспірімдер чемпионатындағы ойынынан кейін жанкүйерлер арасында ерекше танылды.
Клубтық мансабы:
Жапония – GSS Sunbeams
Италия – VolAlto Caserta
БАӘ – Әл-Васл
Қазақстан – «Алматы» клубы
Танылуы: Әлемдегі ең әдемі спортшылардың рейтингтеріне жиі енген.
2024 жылдың соңында – Индонезияның Yogya Falcons клубына қосылды, бірақ плей-оффқа шыға алмады.
2025 жылдың наурызында – күйеуімен ажырасқанын мәлімдедія
2025 жылдың тамызында – ресми түрде «Астана» волейбол клубына ауысып, елордалық командада өнер көрсететін болды.
Сабина Алтынбекованың Шерхан Қалмырзаны қолдап жазған пікірі жас қақпашыға демеу болып, жанкүйерлер арасында да қызу талқылануда.